17:38 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3797 0 0

Бұған дейін желіде Қайыңды көлінің ортасында үрлемелі матраста жүзген қыздың видеосы тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Атышулы бейнероликтің кейіпкері ар-намысына тиген Сәкен Ділдахметпен соттасуға ниетті екенін айтты. 

Қазақстандықтар Қайыңды көлінде матраста жүзген қыздың видеосын қызу талқылап жатыр. Қолданушылардың пікірінен кейін автор видеоны өшіріп тастады.

Еліміздегі экологияның өзекті проблемаларын көтеріп жүрген белсенділердің бірі Сәкен Ділдахмет бұл әрекетке наразылығын білдірді.

"Ол суға батып кетсе, не болар еді? Оны ешкім де құтқара алмас еді, су да тым суық. Біздің отандастарымыз қандай да бір сурет, видео үшін осындайға барады. Ол Қазақстандағы туризмді дамыту үшін түсірдім деп жазыпты. Көлдің ұлттық парк аумағында орналасқанын, шомылуға қатаң тыйым салынғанын түсіну қажет. Бүгін матрас болса, ертең қайық. Осылай біз көлдің басты ерекшелігі - суға батқан орманнан айырылып қалуымыз ғажап емес", - деді Сәкен Ділдахмет.

Көпшілік оған қолдау білдіріп, еліміздің ұлттық саябақтарындағы мұндай әрекетке қарсылық танытты.

Бұл резонансқа кейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі үн қосты. Министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ыбраеваның айтуынша, инспекторлар видео авторына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 380-бабы бойынша хаттама толтырды.

"Әкімшілік жауапкершілікке тартылудан бөлек, жазатайым оқиға болуы мүмкін еді. Қоршаған ортаға осылай зиян тигізудің керегі не? Мұндай әрекеттердің жолын кесу керек", - деді Ыбраева желідегі жазбасында.

Видеодағы қыз болса Сәкен Ділдахметті ар-намысына тигені үшін сотқа беретінін айтты.

"Сәкеннің экология министрлігіне жолдаған жазбасын оқып шықтым. Ол жазбасында менің ар-ұжданыма нұқсан келтірді. Біздің әрекетімізді цирк пен Brazzer порностудиясымен салыстырды. Құрметті Сәкен, енді бұл мәселені өркениетті елдердегідей сот арқылы шешеміз", - деді ол видеоүндеуінде.

Қайыңды көлі Алматы облысында орналасқан. 1911 жылғы жер сілкінісінің әсерінен пайда болды. Суының суықтығына қарамастан, дайвинг сүюшілердің сүйікті мекеніне айналған.  

Кілт сөздер:
экология, табиғат
Загрузка...

Басты тақырып