Қоғам

"Мемлекет 50 процентін өтейді": вице-министр ауылда салынатын коттедждер жайлы айтты

© Sputnik / Абзал КалиевДомик и монетки тенге
Домик и монетки тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Елімізде ауылда тұрғын үй салу тетігін енгізу ұсынылды.  Ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қарастырылуда

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ауылда салынатын үйлердің құрылыс шығындарын өтеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауылда тұрғын үй салу тетігін енгізу ұсынылады. Оған сәйкес, ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс берушілердің шығындарын 50 процентке субсидиялау қарастырылған", - деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жұмыс беруші алдымен ауылға қажетті мамандарды анықтайды. Сосын тізімін жергілікті әкімдікке береді. Ал әкімдік оны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне көрсетеді. Орталық мемлекеттік орган рұқсат бергеннен кейін үй салуға болады. Артынан құрылысқа кеткен шығындардың жартысы қайтарылады.

Оқи отырыңыз: Әркім қалтасына қарай баспана алады - министрлік жаңа заң әзірлеп жатыр

Талапқа сәйкес, үйдің ауданы 100 шаршы метрден, ал бағасы 10 миллион теңгеден аспауы қажет. Еңбек шарты 5 жылға рәсімделуі шарт. Осы уақыттың ішінде ауылға барған маман үйдің 50 процентін өтеп, оны өз атына аудара алады.

Бүгінде республика бойынша 76 ауданның әкімдігі министрлікке ұсыныс жіберді. Әзірше, 3 мыңға жуық коттедж салу қажет. Оған республикалық бюджеттен 14,3 миллиард теңге керек болады.

Жаңалықтар
0