Қоғам

Елімізде кинотеатрлардың қашан ашылатыны белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевВ Нур-Султане после ослабления карантина открылись кафе
В Нур-Султане  после ослабления карантина открылись кафе - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Ashyq жобасына қатыса алатын бизнес нысандарының тізімі 14 сәуірден бастап кезең-кезеңімен кеңейеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Ashyq жобасы қазір Қазақстанның бірнеше қаласында пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысына сәйкес, аталған жобаның бүкіл ел бойынша іске қосылатын күн алыс емес.

Ashyq 26 сәуірге дейін пилоттық режимде жұмыс істейді. Одан  кейін жобаны Қазақстанның барлық өңіріндегі кәсіпкерлер пайдалана алады. Қазір Ashyq мына нысандар бойынша қолданылуда:

  • фитнес-клубтар, йога-орталықтары;
  • спа-орталықтары;
  • сауналар, бассейндер;
  • компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда (16 жасқа толмағандарға шектеу бар);
  • боулинг клубтары.

14 сәуірден бастап жобаға мыналар қосылады:

  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • банкет залдары, асхана, фастфуд, стрит-фуд сияқты орындарды есепке алмағанда қоғамдық тамақтану нысандары;

21 сәуірден бастап жобаға мыналар қатыса алады:

  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары;

5 мамырдан бастап Ashyq-қа қатысатындар:

  • караоке;
  • "жасыл" аймақтағы банкет залдары (бір залда 50-ден көп емес адамның болуы және бір келушіге кемінде төрт шаршы метр аумақтың қарастырылуымен).

Ashyq деген не?

Ashyq — қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеуге арналған қосымша. Нысанға кірмес бұрын пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Ал азаматтардың статусы Денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.

Оқи отырыңыз: Халықты түстерге бөлу мен QR-код: министр Цой қазақстандықтарға үндеу жасады

"Қызыл" статус – егер азамат ПТР-тест тапсырып, ол оң нәтиже көрсеткенде беріледі. Мұндай статусы бар адамдар үйде оқшаулану режимін қатаң түрде сақтауы керек.

"Сары" статус – ауру жұқтырғандармен байланыста болғандарға беріледі. Оларға үй жанындағы азық-түлік дүкендеріне немесе дәріханаларға баруға рұқсат берілген. Бірақ қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған.

"Көк" статус – ПТР-тест тапсыру міндетті болатын (мысалы, әуежай) орындардан басқа жерде еркін жүре алатын азаматтарға тағайындалады.

"Жасыл" статус — емін-еркін жүріп-тұра алатын адамдарға беріледі.

Жаңалықтар
0