Қоғам

"Ол күн алыс емес": Тоқаев жамағатты сабырға шақырды

© Sputnik / Владислав ВодневКасым-Жомарт Токаев - президент Казахстана
Касым-Жомарт Токаев - президент Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Жазылу
Президент эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 

Наурызбай қажы Тағанұлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті бағыт бойынша биылғы атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспары туралы баяндады.

Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пандемия кезінде Оразаның ұйымдастырылу ерекшеліктері, жасап жатқан қайырымдылық шаралары жайында мәлімет берілді. Сонымен қатар елордада Ислам академиясын құру жұмыстарының басталғаны туралы айтылды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, бүкіл әлем бастан өткеріп отырған пандемия кезінде жамағатты сабырға шақырып, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірді.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти президентті Рамазан айының алғашқы күнімен құттықтап, "Муфтият" баспасынан жақында жарық көрген "Тәпсірлердің таңдаулысы" атты Құран тәпсірлерінің қазақ және орыс тілдеріндегі 8 томдық аудармасын табыстады.

Жаңалықтар
0