16:08 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
570 0 0

Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеоға желі қолданушылары Марат Омаровтың Зүлфия есімді қызын ұзатқанын жазған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желіде әнші-композитор Марат Омаровтың тойда жүрген видеосы тарады. Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әншінің тойды ұйымдастырғанын мәлімдеді. Алайда әнші ол тойға бірер минутқа кіріп шыққанын айтып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеоға желі қолданушылары Омаровтың Зүлфия есімді қызын ұзатқанын жазды. Видеода жас жұбайлар Марат Омаровпен бірге фотоға түседі. Қонақтардың арасында волейболшы Сәбина Алтынбекова, әнші Қайрат Түнтеков жүр.

Содан кейін Марат Омаров Sputnik Қазақстан тілшісіне видеоның монтаж екенін, тойдың ұйымдастырушысы өзі емес екенін айтты.

Алайда қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қыз ұзату тойының ұйымдастырушысы Марат Омаров пен мейрамхана иесі екенін мәлімдеді.

"Әлеуметтік желіде видеосы жарияланған той Шымкент қаласының "Караван" мейрамханасында өткен. Мерекелік іс-шара өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров пен мейрамхана иесі – жеке кәсіпкер той ұйымдастырған", - деп хабарлады басқарма.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде тараған видео негізінде басқарма Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімдігіне және полиция департаментіне құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғау үшін хат жолдаған.

Марат Омаровтың айтуынша, той Шымкентте 10 сәуірде күндіз өтті. Әнші анасының жылдық асынан кейін қызының өтінішін жерге қалдырмай, бата беру үшін барған.

"Тойды ұйымдастырған мен емес... Видеодағы қызым ғой. Мен бата бердім. Қазір өз отбасым бар. Қызымның анасымен ажырасып кеткенбіз. Оның да өз отбасы бар. Тойды ұйымдастырған Зүлфияның (Марат Омаровтың қызы – Sputnik) анасы, отбасы. Әкелік парызым деп, екі минутқа кіріп шықтым. Бата беру қанымызда бар. Ән де айтқан жоқпын, бата беріп, кіріп шықтым", - деді Марат Омаров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оқи отырыңыз: "Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы

Сонымен бірге әнші мамандардың жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатқанын айтты.

Айта кетейік, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор Марат Омаров үш рет үйленген. Зарина, Мәдина, Азамат Омаровтар алғашқы некеден дүниеге келген. Екінші некеден Зүлфия есімді қызы бар.

Тақырып бойынша

Шымкент басшылығы танымал әншілерді неге қызметке шақырып жатыр
Шу тудырған видео: Қайрат Нұртас айыппұл төлейді
"Хит ән шығармаймын": Өнер адамдары қалай күн көріп жүргендерін айтты
"Қорқыныш бар": әншілер мен спортшылар вакцина салдыруға қатысты пікір білдірді
Кілт сөздер:
карантин, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып