09:58 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Рамазан - 2021 (23)
71 0 0

ҚМДБ төрағасы мұсылман жамағатын Рамазан айында әдепсіз әрекет пен қате-кемшіліктен арылуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша мұсылманды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды мүфтияттың баспасөз қызметі.

"Жаратушы Жаббар Иеміз әрбір ізгі амалдың сауабы еселеніп жазылатын берекелі айда ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, оқыған намазымызды, орынды себептермен ауыз бекіте алмай қалған жандардың берген садақаларын қабыл еткей!", - деді бас мүфти.

Ол Рамазан айында ауыз бекіткен мұсылман баласы өзін ішіп-жеуден ғана шектемей, жаны мен тәнін жамандықтан сақтап, ізгілікке ұмтылатынын, іс-әрекетін мұсылманға тән әдеп аясында орындауға тырысатынын атап өтті.

"Өйткені, Рамазан – кез келген ізгі амалды риясыз ниетпен жасауға тәрбиелейтін, адамды тақуалыққа үйрететін ай. Аштық пен шөлге төзіп, Алла разылығын алуды шынайы ниет еткен адамға берілетін сый мен құрмет ерекше болмақ", - деп жалғастырды Тағанұлы.

Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Ихсан ілімін" кеңінен насихаттап жүргенін тілге тиек етті. Айтуынша, Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін, әр амалды көркем түрде орындауға үйрететін рухани ілім.

"Осы ретте рухани кемелдену айы – Рамазанда барынша әдепсіз әрекет пен қате-кемшіліктен арылып, тұла бойымызда көркем мінез құндылықтарын қалыптастыруға тырысқанымыз абзал. Алла Тағала жер бетінен жұқпалы індетті жойып, адамзатты қауіп-қатерден аман еткей", - деді ол.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады. Президент Рамазан айы биыл да күрделі кезеңде өтетінін атап өтті. Ол мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, ҚМДБ-ның ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырды.

Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Биыл пітір садақаның мөлшері жан басына 420 теңгені құрады.

Мешіттерде бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы мен ауызашар әрбір өңірдің эпидемиологиялық жағдайына қарай өткізіледі.

Тақырып:
Рамазан - 2021 (23)

Тақырып бойынша

Ораза кезінде вакцина салдыруға бола ма – дәрігерлер кеңес берді
Рамазан - 2021: Ораза кестесі
Мүфтият ораза кезінде вакцина салуға қатысты түсініктеме берді
Ораза ұстап жүргенде ПТР-тест тапсыруға бола ма?  
Қасиетті Рамазан айы басталды
Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Кілт сөздер:
Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Ораза кестесі-2021, Рамазан-2021
Загрузка...

Басты тақырып