09:43 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Рамазан - 2021 (23)
124 0 0

Рамазан айында "жасыл", "сары" және "қызыл" аймақта орналасқан өңірлер үшін жұма намазы, тарауық, ауызашар өткізудің тәртібі бекітілді

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы осымен екінші жыл қатарынан пандемияға байланысты енгізілген карантинмен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

13 сәуірде басталған Рамазан айы 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халыққа үндеу жасап, санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

"Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатынын анық аңғардық. Осы ретте сіздерді ауызашар кезінде, құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын", - деді ол.

Бас мүфти жасы 60-тан асқан адамдарға ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтуге кеңес берді.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: жұма, тарауық пен ауызашар өткізу тәртібі жарияланды

"Егде жастағы және балиғатқа толмаған азаматтардан күрделі ахуал тұрақталғанша мешітке бармай, құлшылықты үйде орындауын сұраймыз. Сіздерді пандемия кезінде барынша сақтанып жүруге, адам көп шоғырланған орындарға бармауға, ауыз бекіткен жағдайда дұрыс тамақтануға, мүмкіндігінше жұмыс кестесін ыңғайлап, денсаулықты күтуге үндеймін", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Биыл Құран хатым қашықтан оқылады. Бұдан бөлек, діни дәрістер болады. Қасиетті Қадір түні мен Ораза айттың онлайн бағдарламасы ұсынылады.

Мүфтият жамағатты үйден шықпай-ақ онлайн режимде насихат тыңдап, сауапты амалдарға ортақтасуға шақырды.

Мешітте ауызашар беруге бола ма

Биыл бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы мен ауызашар әрбір өңірдің эпидемиологиялық жағдайына қарай өткізіледі.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: Ораза кестесі

Мәселен, "жасыл" аймаққа кіретін өңірлерде мешітке барып, санитарлық талаптарды сақтай отырып тарауықты, бес уақыт пен жұма намазын оқуға болады. Ауызашар өткізуге де рұқсат етілген. "Сары" аймақта тұрған облыстарда тарауық пен бес уақыт намазын оқуға мүмкіндік бар. Жұма намазы мен ауызашар өткізілмейді. Ал "қызыл" аймақта тек бес уақыт намазға ғана рұқсат берілген.

Кімдерге ораза ұстамауға болады

Шариғат қасиетті айда ораза тұтуды кей жандарға кейінге қалдыруға рұқсат етеді. Олар:

  • жолаушылар;
  • науқас адамдар;
  • жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдер.

Сонымен қатар, індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер және басқа да мамандық иелері ораза ұстауға шамасы жетпесе, кейінге қалдыра алады.

Пітір садақа қанша

Биыл пітір садақа жан басына 420 теңгені құрады. Оның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Бұл пітір садақаның ең төменгі мөлшері.

Ал жағдайы бар адамдар пітір садақаны мейіздің немесе құрманың бағасымен бере алады. Қазіргі кезде екі келі мейіз 3 580 теңге тұрады. Сондай-ақ, 4 келі құрманың құнымен беруге болады. Оның бағасы – 7 300 теңге.

Тақырып:
Рамазан - 2021 (23)

Тақырып бойынша

Алматыда Рамазан айында күн сайын 500 адамға ауызашар қоржыны жеткізіледі
Ораза ұстап жүргенде ПТР-тест тапсыруға бола ма?  
Ораза кезінде вакцина салдыруға бола ма – дәрігерлер кеңес берді
Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы
Кілт сөздер:
Ораза, Рамазан
Загрузка...

Басты тақырып