Қоғам

Белгілі қазақ сәулетшісі дүниеден озды

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Бақытжан Әшірбаев өз өмірін қала құрылысы мен архитектураға арнаған. Ол өмірінің соңғы күндеріне дейін елдің үшінші мегаполисіне айналған туған қаласының сырт келбеті үшін алаңдаған

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Қазақстандық сәулетші Бақытжан Әшірбаев көз жұмды, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми телеграм арнасы.

Бақытжан Әшірбаев – Шымкент қаласының тумасы. Ол "сәулетші" мамандығы бойынша жоғары білім алған. Әшірбаев өз өмірін архитектура мен қала құрылысына арнады.

Жан-жақты дарынды азамат барлық қызметінде шығармашылықты жоғары орынға қоятын. Суретке түсірумен әуестеніп, көрмелер ұйымдастыратын. Оның "Түркістанның алтын қабырғалары" атты фотолары аса танымал. Сондай-ақ теле және кинотүсіріліммен де айналысты. Бір кездері студия жасақтап, журнал шығаруға атсалысты, өлең жазып, әнді тамаша орындайтын", - деп жазылған хабарламада.

Әшірбаевты көзі тірісінде Шымкент аңызы деп атайтын.

Ол еңбек жолын 1975 жылы "Южгорсельпроект" жобалық институтында сәулетші қызметінде бастаған. 1981-1999 жылдары Шымкенттің бас сәулетшісі болды. Оның жетекшілік етуімен қала көркі түбегейлі өзгерген.

1999-2005 жылдар аралығында Бақытжан Әшірбаев Түркістанның 1500 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі дирекцияға жетекшілік етті. Ол осы қызметі үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Сонымен қатар Әшірбаев облыстың бас сәулетшісі және кейіннен қысқартылған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болған.

Жаңалықтар
0