Қоғам

300 мың теңгеге дейін төленеді - министрлік акцияның басталу уақытын жариялады

© Photo : pixabay/Jason Gillman Ружье
Ружье - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Соңғы 13 жыл ішінде заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы он рет ұйымдастырылып, 1,7 миллиард теңгенің сыйақысы таратылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Ішкі істер министрлігі заңсыз қару-жарақ, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді сатып алу акциясының басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Ыдырысовтың айтуынша, соңғы 13 жылдың ішінде заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы он рет ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде 53 мыңнан астам қару тапсырылды. Ал оқ-дәрілердің саны 2 миллионнан асты. Халыққа 1,7 миллиард теңгенің сыйақысы таратылды. Осының арқасында қару-жарақпен қылмыс жасау әрекеттері де азайып отыр. 

"Ал заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Биылғы акция 20 сәуірде басталады. Оны өткізу үшін республикалық бюджеттен 95 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп отыр", - деді Ыдырысов ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте.

Министрліктің арнайы бұйрығына сәйкес, өтемақы заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарының техникалық жағдайына қарай төленеді. Әр бірлігіне 30 000-300 000 теңгенің сыйақысын алуға болады.

  • автоматты ойық қару – 291 700 теңгеге дейін (100 АЕК);
  • ойық ұңғылы мылтықтар мен карабиндер – 145 850 теңгеге дейін (50 АЕК);
  • тапаншалар мен револьверлер – 100 000 теңгеге дейін;
  • тегіс ұңғылы мылтықтар – 90 000 теңгеге дейін;

"Қару-жарақ пен оқ-дәріні ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірген адам кез келген полиция бөлімшесіне өтініш бере алады. Телефон арқылы хабар беруге де мүмкіндік бар. Қаруды бөлшектеуге немесе сындыруға, сол сияқты жарылғыш заттарды бөлшектеп тасымалдауға болмайды. Ол үшін арнайы оқытылған мамандар бар. Сондықтан қауіпсіздік шараларын барынша сақтаған жөн", - деп атап көрсетті бөлім бастығы. 

Оқи отырыңыз: Алматы тұрғыны бейтаныс жігітке оқ атты - күдікті ұсталды

Айта кетейік, төлемдер мөлшерін арнайы комиссиялар анықтайды. Мамандар қарудың техникалық жағдайына баға беріп, арнайы санатқа бөледі. Соның негізінде төлемақы беріледі.

Жаңалықтар
0