Қоғам

Елорда тұрғындары диктант жазды

© Sputnik / Владислав ВодневВсемирная акция "Тотальный диктант" проходит в Нур-Султане
Всемирная акция Тотальный диктант проходит в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2021
Жазылу
Биыл жалпыхалықтық диктант мәтінінің авторы - жазушы және сценарист Дмитрий Глуховский

НҰР-СҰЛТАН - 10 сәуір, Sputnik. Елорда тұрғындары "Жаппай диктант" акциясына қосылды. Нұр-Сұлтанда акция офлайн және онлайн режимде өтті.

Қатысушылар диктант жазған алаңдар:

  • Республикалық физика-математика мектебі  – 20 оқушы (офлайн);
  • Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 20 студент (онлайн);

  • Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – 12 адам ("#үйдежазамыз" алаңы);
  • "#үйдежазамыз" алаңы - 31 адам. 
© Sputnik / Владислав ВодневБиыл "Жаппай диктант" мәтінінің авторы – жазушы Дмитрий Глуховский.
Елорда тұрғындары диктант жазды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2021
Биыл "Жаппай диктант" мәтінінің авторы – жазушы Дмитрий Глуховский.

Науқанның басты мақсаты әр адам үшін сауатты болу маңызды екенін көрсету. Жаппай диктант – ерікті түрде диктант жазу түріндегі жыл сайынғы акция.

Бұл жылы "Жаппай диктант" мәтінінің авторы – жазушы Дмитрий Глуховский. Ол диктантты бес бөлімге бөлді. Оның төртеуі офлайн режимде және #үйдежазамыз форматында жазылады. Мәтіннің түйіні бар бесінші бөлім 10 сәуір бойы totaldict.ru сайтында онлайн жазуға қолжетімді болады.  

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтанда "Жаппай диктант" акциясы өтті
Елорда тұрғындары диктант жазды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2021
Нұрсұлтанда "Жаппай диктант" акциясы өтті

"#үйдежазамыз" үшін трансляция Мәскеуден жүргізілді. "#үйдежазамыз" алаңында қатысушыларға баға қойылмайды. Мәскеу штабының жаңа шешім бойынша тек қателер тексеріледі. Қатысушыларға сыйлыққа сертификат пен қалам берілді.  

Жаңалықтар
0