Қоғам

Нұр-Сұлтан мен Алматыда қанша адам вакцинадан бас тартты

© AP Photo / Arnulfo FrancoМедик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса
Медик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2021
Жазылу
Елордада 229 адам, Алматыда 153 тұрғын вакцинадан бас тартқан. Олар медициналық себептерге, жеке көзқарасына байланысты екпе салдырмайтынын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары вакцинадан бас тартқан адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елорданың басқарма басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, бұған дейін инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары санатқа кіретін адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Олардың ішінде мұғалімдер, медицина қызметкерлері мен полицейлер бар.

"Осы топқа кіретіндердің арасында 229 адам вакцина алмады. Олардың жартысына уақытша екпе салуға болмайды. Біреуі жүкті, енді біреуі респираторлық ауруға шалдыққан. Басқалары жеке көзқарасына байланысты әзірше вакцина салдырмаймыз деді. Меніңше, олар артынан екпе салады", - деді Мұратов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Алматыда 11 мыңнан астам педагог вакцина алады деген жоспар болған. Осы уақытқа дейін жартысына екпе салынды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, қалған мұғалімдер 13-15 сәуірге дейін алып бітеді.

Оқи отырыңыз: Үш бірдей вакцина салдырдым – білім министрі

"Дәл қазір вакцина алмаған 5,5 мың педагог бар. Бүгінгі статистика жоқ. Бірақ сәуірдің басында болған есепке сәйкес, 153 педагог вакцинадан бас тартқан. Олардың ішінде медициналық себептерге және өз еркімен бас тартқан адамдар бар", - деп атап көрсетті Табынбаев.

Жаңалықтар
0