19:49 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2262)
2058 0 0

Өткен тәулікте 2 440 адамнан коронавирус инфекциясы және 104 адамнан вирустық пневмония анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 19 адам коронавирустан, 3 науқас коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

9 сәуірдегі жағдай бойынша 30 219 адам КВИ-ға қарсы емдеу шараларын жалғастыруда (29 429 КВИ+, 790 КВИ-), оның 11 376 пациенті стационарда, ал 18 843 науқас амбулаториялық жағдайда емделуде.

Сондай-ақ, 517 науқас ауыр жағдайда болса, 163 адам өте ауыр дәрежеде жатыр және 87 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі

Өткен тәулікте 2 440 адамнан коронавирус инфекциясы және 104 адамнан вирустық пневмония анықталды.

Айта кетейік, пандемия басталғалы COVID-19 індетін жұқтырған адамдар 263 943-ке жетті.1 тамыздан бастап коронавирустық инфекция белгілері бар 51 159 пневмония жағдайы анықталды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2262)

Тақырып бойынша

Алексей Цой коронавирус штамдарының қай өңірлерде тарағанын айтты
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Коронавирус қайдан шықты – ДДҰ тексерістің есебін жариялады
Алматыда студенттер жатақханасынан коронавирус шықты
Өткен тәулікте Қазақстанда 2 440 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды
Кілт сөздер:
коронавирус, емделу, қайтыс болды
Загрузка...

Басты тақырып