21:16 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
70 0 0

Қазақстандық ақша салып бірден байып кетудің қитұрқы жолын ойлап тапқан. Бұл жарнамаға жүздеген адам сеніп, нәтижесінде сан соқтырып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде ірі қаржы пирамида ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты. Unnnity Corporation атты күдікті компания құрған азамат 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бес жыл бұрын ақша табудың оңай жолы туралы жарнамаға жүздеген қазақстандық сеніп қалды. Ақтөбенің 31 жастағы тұрғыны бірден байып кетуге мүмкіндік беретін Appport атты мобильді қосымша ойлап тапқанын айтқан, деп хабарлайды КТК арнасы.   

Жүйеге кіру үшін 350 мың теңгеге дейін ақша салып, адамдарды көптеп тарту қажет болған. Неғұрлым адам көп жиналса, сыйақы көлемі де соғұрлым көп болады деген. Нәтижесінде 3 000 адам алаяқтардың құрбанына айналды.  

Оқи отырыңыз: "14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Басым көпшілігі табысымызды көбейтеміз деген ниетпен несие де алған. Бірақ пайда табудың орнына олар санын соғып қалды.

Жалпы шығын мөлшері бір миллиард теңгеден астам соманы құрады. Қаржы пирамидасын құрған Жақсыбаев 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның көмекшісіне 5,5 жыл жаза қарастырылды. Қалған сегіз сыбайласы бес жылға сотталды.

Тақырып бойынша

"Гарант 24 ломбард" жетекшілерінің бірі жұрттың ақшасы қайда екенін айтты
Ұлттық банк: криптовалютаны пайдалану – заңға қайшы
Министр 39 мың адамды сан соқтырған қаржылық ұйымның ісі туралы айтты
"4 миллиард теңгемен қашып кеткен": мыңдаған адам алданғанын мәлімдеді
Көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болып жатыр – Тоқаев  
Кілт сөздер:
сот үкімі, қаржы пирамидасы
Загрузка...

Басты тақырып