Қоғам

"Самұрық-Энерго" басшысы тағайындалды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жазылу
Павлодар облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары "Самұрық-Қазына" қорының құрамындағы энергетика холдингін басқарады

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қоры басқармасының шешімімен Сұңғат Есімханов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

© Photo : пресс-служба акима Павлодарской областиСұңғат Есімханов
Самұрық-Энерго басшысы тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Сұңғат Есімханов

"Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ұжымға "Самұрық-Энерго" АҚ-ның жаңа басшысын таныстырды.

Оқи отырыңыз: "Қазақстан темір жолының" басшысы ауысты 

Бұған дейін Сұңғат Есімханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Әр жылдары энергетика вице-министрі, энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы, "Қазақэнергосараптама" АҚ президенті, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Маңғыстау және Қарағанды ​​облыстарындағы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін және "Болашақ" институтын бітірген.

Бұған дейін "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов болды.

Жаңалықтар
0