21:39 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
8256 0 0

Құжат әлем үкіметінің қателігінен интернетте тараған құпия жоба емес, Джонс Хопкинс университетінің мамандары дайындаған кітап болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстандықтар желіде жарияланған "The Spars Pandemic 2025-2028" деп аталатын құжатты бір-біріне жіберіп жатыр. Көбісі бұл әлем үкіметі әзірлеген алдағы пандемияның нақты сценарийі екеніне сенімді. Алайда Stopfake.kz порталы оны жоққа шығарды.

"Шын мәнінде құжат әлем үкіметінің қателігінен интернетте тараған құпия жоба емес. Бұл – Джонс Хопкинс университетінің мамандары денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық коммуникация қызметкерлері мен қауіп-қатер байланысын зерттеушілерге арнап дайындаған кітап. Ол көпшілікке қол жетімді және оны кез келген адам жүктеп ала алады", - делінген хабарламада.

Алтыншы бетінде "бұл жұқпалы аурудың табиғи өршуі кезінде пайда болуы мүмкін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы коммуникациялардың қауіптері мен қиындықтарын және жаңа немесе зерттелетін дәрі-дәрмекті, вакциналарды, терапевтік әдістерді немесе басқа да медициналық қарсы шараларды әзірлеу және тарату қажеттілігін суреттеу үшін әзірленген гипотетикалық сценарий" деп жазылған.

Кітапта өз бетінше орындауға арналған бірқатар жаттығу және байланыс мамандары үшін практикалық ұсыныстар берілген және қауіптер туралы хабарлау, қауесеттерді басқару, ведомствоаралық үйлестіру және хабарламалардың келісілуі, проблемаларды басқару, БАҚ-пен ескертпелі және реактивті қатынастар, мәдени құзыреттілік және этикалық мәселелер енген.

Оқи отырыңыз: Желіде тараған хабарлама қазақстандық ата-аналарды алаңдатып қойды 

Covid-диссиденттер пандемияның қолдан жасалғанын бұған дейін де дәлелдеуге тырысқан. Бұл теория 2019 жылы өткен "Оқиға 201" пандемиялық оқу-жаттығуларға негізделген еді. Алайда оқу-жаттығулар мен нақты пандемияның арасындағы байланыс бірнеше рет теріске шығарылды, өйткені бұл теорияға ешқандай дәлел табылған жоқ. Сонымен қатар, пандемиялық оқу-жаттығулар ұдайы өткізіліп тұрады және олар үшін түрлі вирустар, бактериялар және басқа патогендер кіретін сценарийлер дайындалады.

Тақырып бойынша

Вакциналау арқылы чип орната ма – министр түсініктеме берді
Әлемді әбігерге салған індет: қазақстандықтар неге вирустың барына сенбеді?
Жаңа "вирустарға" қарсы заң қабылдау қажет – сенатор
Загрузка...

Басты тақырып