18:32 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
124 0 0

Бай-қуатты адамдар пітірді екі келі мейіздің (3 580 теңге) немесе 4 келі құрманың (7 300 теңге) бағасымен бере алады

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақа беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас мүфтидің орынбасары Ершат қажы Оңғардың айтуынша, биыл пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасы негізінде анықталды.

"Қазақстан мұсылмадары діни басқармасы әр өңірдің бас имамына хат жолдап, сол өңірдегі бағаны білді. Сосын ортақ бағаны шығарды. Бір келі ұн 210 теңге болды. Ал шариғат бойынша пітір садақаның мөлшері екі келі ұнның бағасына тең. Ол – 420 теңге", - деді Оңғар орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, бұл – пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Сондықтан жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіздің немесе құрманың бағасымен бере алады.   

"Егер бай-қуатты және жағдайы жақсы адамдар болса, мейіздің бағасымен берсе болады. Қазіргі кезде екі келі мейіздің бағасы 3 580 теңгені құрайды. Сондай-ақ, 4 келі құрманың құнымен беруге болады. Оның бағасы – 7 300 теңге. Міне, бай-қуатты азаматтар пітір садақаны осылай бере алады", - деп атап өтті Оңғар.

Рамазан-2021: жұма, тарауық пен ауызашар өткізу тәртібі жарияланды

Айта кетейік, 2021 жылы қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні. Ал 13 мамыр Ораза айттың бірінші күні болады.

Кілт сөздер:
Рамазан, пітір садақа
Загрузка...

Басты тақырып