23:43 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (791)
1317 0 0

Карантиндік шектеулер енгізілген сәттен бастап қазақстандықтардың топтасып іс-шара өткізіп, тексеру тобы келгенде тарап кететіні жайлы жиі айтылып жүр

АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Айтмағамбетов шектеу шаралары мен жүргізілген рейдтер нәтиже бермей отырғанына қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына жауап берді.

Сәуірдің басында мемлекет басшысы үкімет мүшелері, әкімдіктермен бірге отырыс өткізді. Сол жерде мониторинг топтарының іріктеп жүргізетін рейдтері нәтиже көрсетпей отырғанын, әлеуметтік шиеленіс тудыратынын мәлімдеді.

Елорда әкімдігінде өткен брифинг кезінде тілшілер жергілікті полиция қызметі басшысынан нысандардың іріктеліп тексерілетіні туралы мәселені түсіндіруін сұрады.

"Бізде іріктеп тексеру деген жоқ. 102 нөмірі мен әлеуметтік желі немесе тұрғындар чат арқылы мекеменің карантин талаптарын бұзып жатқаны туралы хабар береді. Содан соң карантин талаптарының бұзылуын тексереміз", – деп жауап берді Айтмағамбетов.

Ал қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мұның бәрі халықтың шектеу шаралары мәселесіне қалай қарайтынына байланысты екенін атап өтті. Оның сөзінше, санитар дәрігерлердің нұсқауы қаншалықты тиімді екенін анықтау үшін уақыт қажет.

"Біз екі апталық инкубация кезеңін қадағалаймыз. Егер екі апта ішінде қандай да бір карантин талаптары бұзылса, әрине шектеулерден айтарлықтай нәтиже көрмейміз. Алайда ұзақ уақыт бойы белгілі бір шектеу шараларын қолданған кезде халық арасында қарым-қатынастың төмендеуі байқалады. Науқас адаммен байланыста болған адамдардың инфекция жұқтыруы азайғанын байқап отырмыз", – деп түсіндірді елорданың санитар дәрігері.

Оның айтуынша, 1 қаңтар мен 14 ақпанда басқармаға 287 хабарлама түскен. Соның негізінде жоспардан тыс 279 нысанды тексерген. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықты жою туралы 237 ұйғарым берілді.

Оқи отырыңыз: "Мүлде сын көтермейді" Семейде жүрген Тоқаев үкіметке тапсырма берді

Сондай-ақ, 57 миллион теңгеден астам сомаға 238 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 141 кәсіпкерлік нысанға 52 миллион теңгеден астам сомаға, 96 жеке тұлғаға 4 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 47 кәсіпкерлік нысанға қатысты 52 әкімшілік іс сотқа жолданды.

Тоқаев жағдайды қалай бағалады

Бірінші сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясымен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Ол елдегі коронавирустық жағдайды "өте қиын" деп атады.

Оның айтуынша, азаматтар мен бизнес өкілдері індеттен шаршап, нәтижесінде қауіпсіздік шараларын елемей жүргені жағдайды ушықтырып отыр. Президент мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруді, сондай-ақ рейд кезіндегі бұзушылықтарға шағым айтуға болатын call-орталық құруды тапсырды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (791)

Тақырып бойынша

"Мемлекеттігімізге сын": сенат депутаты заңдарды қазақ тілінде жазуды ұсынды
Олжас Сүлейменов қазақ халқының алдында тұрған басты сын-қатерді атады
Назарбаева: Сын сағатта бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмайды
Депутат қазақстандықтардың жалақысы жайлы: ешқандай сын көтермейді
"Сын айтқандарға да рахмет": Жұмағұлов UFC-дегі екінші жеңілісі туралы пікір білдірді
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, тексеріс, карантин
Загрузка...

Басты тақырып