Қоғам

Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің шешімін түсіндірді

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жазылу
Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік "Спутник-V" вакцинасын салдырғаны хабарланған еді

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлі мемлекет басшысының қазақстандық екпені күтпей, Қарағандыда шығарылған ресейлік вакцинаны салдыру туралы шешімін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, "Спутник-V" екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда. Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді", - деп жазды Уәлі Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, "QazVac" атты қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр.

"Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті. Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді", - деп атап көрсетті президенттің баспасөз хатшысы.  

Айта кетейік, Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакциналау басталған болатын. Бас кезінде індетті жұқтыру қаупі жоғары санатқа кіретін адамдар – медицина қызметкерлері, полицейлер және тағы басқа мамандарға салынды. Қазіргі кезде барлығына бірдей вакцина салу шаралары басталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев 2021 жылдан бастап қандай өзгеріс болғанын айтты

 

Жаңалықтар
0