Қоғам

Желіде алматылық әйелдің вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болғаны туралы видео тарады

© AFP 2024 / SONNY TUMBELAKAМедик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса
Медик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2021
Жазылу
Жақындары әйелдің бір күн бұрын коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын айтады

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Желіде Алматыдағы №4 перзентхананың қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін бір күн өткен соң қайтыс болғаны айтылған видео тарады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Видеода әйелдің кеше вакцина салдырғаны, оның түнімен қалтырап шыққаны айтылады. Жақындары сорпа бергенімен, жағдайы жақсармаған. Таңертең алтыда туысы оятқан, алайда ол оянбаған. Олар оны ұйықтап жатыр деп ойлайды. Біраз уақыттан кейін қайтадан оятуға тырысқан, сол уақытта оның қайтыс болғанын көрген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Марқұмның үйінің алдында полицияның көлігі тұр, видеоны түсірген адам жедел жәрдем келіп, әйелдің денесін алып кететінін жеткізеді.

Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілінен осы жағдайға қатысты түсініктеме беруді сұрады. Ол арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

"Аталған факті бойынша комиссия құрылды. Жан-жақты кешенді баға беру үшін сарапшылар тартылды. Таралып жатқан видеодағы жағдайдың анық-қанығы анықталады. Комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес жағдайға объективті баға беріледі", - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Естеріңізге салсақ, 1 сәуір күні Алматы қаласына 21 860 доза екпе келді. 1 ақпаннан бері "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін 39 549 адам алды. Сәуірден маусымға дейін қалаға вакцинаның қосымша 750 мың дозасы жеткізіледі деп жоспарланған. 5 сәуірден бастап екпенің жаңа партиясы келгенге дейін жаппай вакцина салу 3-4 күнге тоқтатылған болатын.

 

Жаңалықтар
0