Қоғам

Белгілі қазақстандық актер қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинГосударственный академический русский театр для детей и юношества им. Н. Сац
Государственный академический русский театр для детей и юношества им. Н. Сац - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2021
Жазылу
Ілияс Тұрманов театрда, қазақстандық және шетелдік кинода 50-ден аса рөлде ойнаған

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Алматыда белгілі театр және кино актері Ілияс Тұрманов қайтыс болды. Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері көптен бері науқастанып, 4 сәуірде дүниеден озды.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова актердің отбасы мен театр труппасына көңіл айтты.

"Ілияс Тұрмановтың қазасы - кәсіби қоғамдастық үшін ғана емес, оның шығармашылығын жоғары бағалайтын отандық театр көрермендері үшін орны толмас қайғы", - деді Райымқұлова.

Ілияс Тұрманов 1967 жылы дүниеге келген. Жамбыл мәдени-ағарту училищесін бітірген. Шығармашылық қызметін Жамбыл облыстық орыс драма театрында бастаған. 1998 жылы Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына келеді. Театр сахнасында 20 жылдан аса еңбек етіп, 50-ден аса рөлді сомдады.  

Белгілі қазақстандық актер қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2021
Ілияс Тұрманов

Марқұмның басқа да әріптестері қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

"Ілияс өз өмірін мәдениетке, еліне, өзінің адал көрермендеріне арнады. Жарқын талант иесін көрермендері де қолпаштады. Театр оның өмірінің мәніне айналып еді", -  деп жазды Ресейдің халық әртісі Николай Басков.

Сондай-ақ актер 2003 жылдан "Каждый взойдет на Голгофу", "Маленькие люди", "Остров возрождения", "Подарок Сталину", "Небо моего детства" фильмдерінде, "Астана - менің махаббатым" қазақ-түрік телехикаясында түрлі рөлдерді сомдады.

Жаңалықтар
0