21:30 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1286 0 0

Қазақстанның сегіз өңірінде заңсыз құмар ойынына арналған кеңселер жұмыс істеп келген. Қылмыстық іс бойынша құны 100 миллион теңгеден асатын ақшалай қаражат пен мүлік тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Алматыда Finbet букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Тергеу анықтағандай, Finbet басшылары букмекерлік қызметпен бірге Қазақстан аумағында заңсыз құмар ойыны бизнесімен айналысқан. Олар осы қызмет арқылы 300 миллион теңгеден астам табыс тапқан.

"Құмар ойындарына ақша салу Алматы мен Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 кеңседе жүргізілген", - деп жазылған хабарламада.

Айыпталған үш азамат та заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылды. Олардың екеуіне шартты түрде төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Ал айыпталғанның бірі 2,4 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Қылмыстық іс бойынша құны 100 миллион теңгеден асатын ақшалай қаражат пен мүлік тәркіленді.

Загрузка...

Басты тақырып