09:38 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Рамазан - 2021 (23)
145 0 0

Сауд Арабиясының билігі үш талаптың бірін орындаған мұсылмандар ғана кіші қажылыққа бара алатынын айтты

АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Сауд Арабиясы Рамазан айында кіші қажылыққа барғысы келетіндер үшін үш шарттың бірін орындауды міндеттеді. Мұндай шешім COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қабылданып отыр.

Коронавирус инфекциясына қатысты әлемдегі жағдай Сауд Арабиясына Рамазан айында кіші қажылық жасағысы келетіндер үшін бірқатар шектеуді алып тастауға мүмкіндік бермейді, деп хабарлайды РИА Новости.

Рамазан–2021: ҚМДБ ораза кестесін жариялады 

Биыл Сауд Арабиясындағы діни жерлерге тек үш міндетті шарттың бірін орындағандар ғана бара алады: коронавирусқа қарсы екі рет вакцина салдыру, умраға барардан 14 күн бұрын вакцинаның алғашқы дозасын салдыру немесе сапарға дейін ауырып жазылғандар.

"Рамазан айында Мекке мен Мәдинадағы екі қасиетті мешітке умра жасауға және баруға коронавирусқа қарсы вацинаның екі дозасын алған адамдар, қажылықтан екі апта бұрын вакцина салынған адамдар немесе аурудан жазылған адамдар бара алады", - деді Сауд Арабиясының SPA жаңалықтар агенттігіне қажылық және умра министрлігінің өкілі.

Араб елдерінде Ораза айы 13 сәуірде басталады. Бұл уақытты діни сенімдегі адамдар ораза ұстап, дұға жасайды. Сондықтан көп адам Рамазан айында кіші қажылыққа – умраға барады. Оның негізгі қажылықтан айырмашылығы жылдың кез келген уақытында баруға болады.

Биыл үлкен қажылық шілденің екінші жартысында өтеді. Өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты қажылыққа тек патшалықта тұратындар қатысты, он мың адам ғана қажылыққа шақырылды.

Тақырып:
Рамазан - 2021 (23)
Кілт сөздер:
кіші қажылық, Рамазан
Загрузка...

Басты тақырып