Қоғам

Нұр-Сұлтанда жаппай вакциналау басталады: COVID-ке қарсы екпені қалай алуға болады

© AFP 2024 / SONNY TUMBELAKAМедработник в защитном костюме набирает вакцину от коронавируса в шприц
Медработник в защитном костюме набирает вакцину от коронавируса в шприц  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2021
Жазылу
Астанада екпе салу пункттерінің саны көбейтіліп, жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылады

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Коронавирусқа қарсы вакцина алу үшін емханаға алдын ала жазылу керек немесе Damumed мобильді қосымшасы арқылы өтініш жіберуге болады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Вакцинация - локдаундар мен карантиндік шектеулер болмаған кезге, яғни қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беретін жалғыз тиімді әдіс екенін ескере отырып, халық арасында вакцинацияны бастаймыз", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Оның айтуынша, вакциналау алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Сонда адамдар бір мезгілде жиналмайды. Ал екпе алу үшін емханаға алдын ала жазылу керек немесе Damumed мобильдік қосымшасы арқылы өтініш жіберуге болады. Қосымшада пациенттің жеке кабинеті арқылы учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылып, ескертпеде "КВИ-ға қарсы екпе алғым келеді" деп көрсету керек.

"Аптаның соңына дейін медициналық мекемелер екпе салуға ниет білдірушілерді тіркейді, апта соңында вакциналауға кіріседі. Жасына байланысты шектеулер мен медициналық көрсеткіштерді ескере отырып, 600 мыңнан астам тұрғын вакциналауға жатады. Тек сәуір айында ғана Денсаулық сақтау министрлігі (СК-Фармация) 280 мыңнан астам доза вакцина жеткізуді жоспарлап отыр", - дейді әкім.

Бүгінде екпе салу пункттерінің саны үш есеге өсіп, 100-ге дейін жетті. Олар емханалар, отбасылық денсаулық орталықтары, дәрігерлік амбулаториялар және тағы басқа жерде орналасқан. Осы пункттердің жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Алдағы уақытта екпе салу пункттері жетіспей жатса, сауда-ойын-сауық орталықтары мен қонақүйлер бұл процеске тартылады.

Сондай-ақ "электронды үкімет" порталында вакциналау бойынша орталықтандырылған өтінімдерді қабылдау қызметі іске қосылады. Сол кезде egov.kz арқылы екпеге жазылуға мүмкіндік болады.

Жаңалықтар
0