19:01 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (148)
74 0 0

Министрдің айтуынша, халық көп жиналатын орындарда вакцинация жүргізу үшін жылжымалы екпе егу пунктері іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Сәуір айында республика өңірлеріне 2 миллион вакцина дозасын жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында сәуір айында 2 миллион вакцина дозасы жеткізіледі деп көзделуде. Бұл тиісті контингенттің 23,4%-ін қамтуға мүмкіндік береді", – деді Цой үкімет отырысында.

Үкімет отырысында таныстырылған слайдта вакциналарды өңірлерге жеткізудің болжамды мерзімі мен көлемі көрсетілген.

Оған сәйкес, осы айда өңірлерге Қарағанды фармацевтика кешенінде өндірілген ресейлік "Спутник V" вакцинасының 1,5 миллион дозасы, басқа өндірушілерден қосымша 500 мың доза және отандық "QazCovid-in" вакцинасының 25 000 дозасы жеткізіледі.

"Эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, сәуірде Нұр-Сұлтан (284 мың), Алматы (464 мың), Шымкент (172 мың), Алматы облысы (232 мың) және Қарағанды облысына (217 мың) жеткізілетін вакцина көлемі ұлғайтылды", – деп нақтылады министр.

Айтуынша, қазір жүргізіліп жатқан келіссөздердің нәтижесінде Қазақстанға бірінші жартыжылдықта 6 миллионнан астам вакцина дозасы түседі деп жоспарланып отыр. Бұл екпе егілетін контингенттің 64%-ін қамтуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәуірдің соңына қарай дайын болады

Цой ұжымдар мен халық көп жиналатын орындарда вакцинация жүргізу үшін жылжымалы екпе егу пунктері іске қосылатынын айтты.

6 сәуірдегі жағдай бойынша ресейлік "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті 194 706 адамға, екіншісі 72 110 адамға егілді.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (148)

Тақырып бойынша

Баспана, вакцина және азық-түлік бағасы: Тоқаев Маминге бірқатар тапсырма берді
"Қорқыныш бар": әншілер мен спортшылар вакцина салдыруға қатысты пікір білдірді
Вакцина ма, бос құты ма: Қытайдан әкелінген жүктің ішінде не болғаны анықталды
"Қазақстандық вакцина салдырдым": профессор екпеге неге бірден келісті
Алматыда қай сауда орталықтарында вакцина салынатын кабинеттер ашылады  
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып