21:23 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (161)
5688 0 0

Коронавирусқа қарсы вакцинация салғызған министр адамдарды чиптеу туралы жалған ақпаратқа жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде тараған "вакциналау арқылы адам ағзасына чип орнатады екен" деген ақпаратқа пікір білдірді.

Жаппай вакциналау тоқтатылады: Алматыда екпе салуға қатысты өзгеріс енгізілді

Министр Мусин жақында ғана екпе салдырды. Ол онлайн-брифинг кезінде денсаулық сақтау саласына толық сенетінін мәлімдеді. Министрдің пікірінше, егер аталған ведомство Қазақстан аумағында вакцина қолдануға рұқсат берсе, онда ол препарат зерттелген және ешқандай күмән болмауы керек.

Бағдат Мусин адамды чиптеуге қатысты өз ойын ортаға салды.

"Вакцина – адам ағзасына егілетін сұйықтық. Оның цифрлық құралға айналатыны жайлы әңгімені нағыз фантастика дер едім. Цифрлық саладағы біліміме сүйеніп айтар болсам, вакцинаның адамзатты чиптеуге негіз болуы екіталай", - деп түйіндеді Бағдат Мусин.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (161)

Тақырып бойынша

2021 жылы Алматыда қанша адам екінші рет коронавирус жұқтырды
Коронавирусқа қарсы QazCovid-In вакцинасын сынақтан өткізу шілдеде аяқталады
Министр Цой: Қазақстанда ақылы вакцинация жоқ
Вакцина ма, бос құты ма: Қытайдан әкелінген жүктің ішінде не болғаны анықталды
"Халық қашан, қайда баратынын білмейді": депутат министр Цойға шүйлікті
Тоқаев министр Цойға бір ай уақыт берді
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып