Қоғам

Назарбаев көрнекті қаламгердің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Елбасы Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің өмірден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты

АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Қабдеш Жұмаділовтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elbasy.kz.

Елбасы көрнекті қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің өмірден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов қайтыс болды 

Қазақстанның тұңғыш президенті Қабдеш Жұмаділұлы қарымды шығармашылығымен, қажырлы қайраткерлігімен қазақ әдебиетінің дамуына қомақты үлес қосқан аса талантты тұлға болғанын атап өтті.

"Дарабоз дарын иесі өзінің мазмұны бай көптеген әңгімелері мен хикаяттары, кең тынысты эпикалық романдары арқылы ұлттық прозаның өсіп-өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп, қилы замандарда түрлі теперіш көрген қазақ халқының талайлы тағдыры мен тарихын, аумалы-төкпелі тұтас дәуірдің келбетін қапысыз сомдады. Оның соңында қалған кесек туындылары – әдебиетіміздің алтын қорында сақталатын шын мәніндегі құнды рухани қазына.

Алаш жұртының қалтқысыз құрметіне бөленген абзал азаматтың есімі мен жарқын бейнесі жұртшылық жадынан ешқашан ұмытылмайды деп сенемін", –­ делінген жеделхатта.

Жаңалықтар
0