04:13 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
93 0 0

Ыстық шайды жиі ішкен сайын асқазанда қатерлі ісіктің даму қаупі жоғарылайды деп ескертті маман

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Түркияның Cumhuriyet газеті ыстық шайдың адам ағзасына зияны туралы зерттеудің нәтижесін жариялады, деп хабарлады РИА Новости.

Зерттеу кезінде 500 мың адамды бірнеше жыл бойы бақылаған. Оған сәйкес, 65 градустан жоғары болатын ыстық шайды жиі ішкен сайын асқазанда қатерлі ісіктің даму қаупі жоғарылайды. 

Гастроэнтерология маманы, профессор Ведат Гералдың айтуынша, дәл осы онкологиялық ауру әлемдегі өлім-жітім жағынан алтыншы орында тұр. 

"Бұл – өте қауіпті ауру. Оның генетикалық негізі бар, триггерлік факторлар да болуы мүмкін. Зерттеуге сәйкес, Түркияның шығыс жағында, Қытайда, Қазақстанда, Тәжікстан мен Өзбекстанда шайды және ыстық сусындарды жиі ішеді. Сондықтан тұрғындадың асқазанның қатерлі ісігіне шалдығуы жиі байқалады", - дейді дәрігер.

Ал темекі мен алкоголь қатерлік ісіктің қаупін күшейтеді.

"Мәселен, темекі шегетін адам ыстық шайды көп ішсе, қатерлік ісіктің қаупі екі есеге көбейеді. Оған қоса, алкоголь сусындарын пайдаланса, қатерлі ісіктің қаупі бес есеге артады", - деп атап көрсетті Герал.

Оқи отырыңыз: Қазақтар шай ішуді әдетке айналдырмағанда ең дені сау ұлт болар еді – дәрігер

Профессордың айтуынша, шай температурасы кесені ұстап отыруға да мүмкіндік бермесе, оны ішуге болмайды, суытып алған жөн. Ал күніне бес-алты кеседен артық шай ішпеу керек. Сондай-ақ, ыстық сусыннан кейін суық су ішуге болмайды. Ондайда асқазанда жаралар пайда болуы мүмкін. Олар қатерлі ісікке себеп болады. Адамның жұту қабілеті нашарласа, дереу дәрігерге көріну керек. Сонда ауруды дер кезінде анықтауға мүмкіндік болады.

Тақырып бойынша

"Асқазанның қатерлі ісігі пайда болады": танымал дәрігер қауіпті өнімді атады
Қандай өнім қатерлі ісік пен жүрек ауруларының қаупін төмендетеді?
Қазақстандық ғалым С дәрумені негізінде ракқа қарсы дәрі ойлап тапты
"Қатерлі ісік белгісі": қандай жағдайда шұғыл дәрігерге қаралу керек
Кілт сөздер:
шай, денсаулық, дәрігер
Загрузка...

Басты тақырып