03:08 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3587 0 0

Сауда ойын-сауық орталықтары, сұлулық салондары, шаштараздар, бассейндер жексенбі күні жұмыс істемейді

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір — Sputnik. Ақтөбе облысында төртінші сәуірден бастап карантиндік шаралар күшейтіледі. Өңірдің бас санитар дәрігерінің тиісті қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаулыға сәйкес, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері алдын ала жазылу бойынша аптаның алты күнінде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сауна және моншалар жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес істейді, жексенбі күні жабық болады.

Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары және косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша жұмыс және сенбі күндері ашық болады, ал жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынып отыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?

Жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтары алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі жабық болады.

Бұдан бөлек бассейндерге де сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салынды.

Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен желілері (балалар ойын алаңдары мен аттракциондар жұмысына тыйым салынады) аптаның алты күнінде істеп, жексенбі жабылады.

Азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер жексенбі күні жұмыс істемейді.

"Ашық ауадағы" азық-түлік және азық-түлік емес базарлары жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істеп, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынсын. Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары (балалар ойын алаңдары және аттракциондардың қызметіне тыйым салынады) жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес істеп, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынсын", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Қаулы төртінші сәуірден күшіне енеді. Айта кетсек, Ақтөбе облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. 

Кілт сөздер:
Ақтөбе
Загрузка...

Басты тақырып