Қоғам

Бес облыста білім басқармасының лауазымды қызметкерлері тергеуге алынды

© Sputnik / Владислав ВодневПланшет с видеоконференцией, дистанционное обучение
Планшет с видеоконференцией, дистанционное обучение - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Ақшалай қаражат білім беру процесін онлайн форматқа көшіруге байланысты шұғыл қажеттілік үшін бөлінген

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 2020 жылы онлайн оқытуға көшуге байланысты балаларға арналған компьютерлер, планшеттер мен ноутбуктар сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу амалдары республиканың бес өңіріндегі білім басқармаларындағы лауазымды қызметкерлерге қатысты жүріп жатыр.

"Елдегі үкімет резерві есебінен шұғыл шығындар үшін ағымдағы іс-шараларды жүргізу" бағдарламасы бойынша 2020 жылы компьютерлер, планшеттер мен ноутбуктар сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша іс жүріп жатыр. Бұл қаражат білім беру процесін онлайн форматқа көшіруге байланысты шұғыл шығындар ретінде, сондай-ақ мектеп оқушыларын, соның ішінде тұрмысы төмен отбасылардағы оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін бөлінген болатын", - деді онлайн брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Оқи отырыңыз: Енді мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз – Аймағамбетов 

Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс аудандарының бірінде әкімдіктің білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Білім бөлімінің қызметкерлері пандемия кезінде аудандағы тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнап үкімет резерві есебінен сатып алынған ноутбуктердің бір бөлігін жымқырды деген күдікке ілінді", – деп жазылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Жаңалықтар
0