03:18 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (784)
293 0 0

Бизнесмендерді қолдау бойынша әзірленген шаралар пакетінде коммуналдық төлемдерді толық субсидиялау, мемлекеттік және квазимемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босату секілді жеңілдіктер көзделген

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өңір деңгейінде бизнесті қолдау мақсатында кешенді шара дайындалғанын айтты. Бұл шаралар кәсіпкерлердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Соның ішінде өңірлік және қалалық іскерлік кеңестің отырыстарында коммуналдық төлемдер, жұмыс істемеген кездегі жалдау ақысы бойынша қарыздарды жою шаралары ұсынылды.

"Кәсіпкерлерді қолдау бойынша дайындалған іс-шаралар пакеті орта кәсіп шығындарын, коммуналдық төлемдерін толық субсидиялауды, қоғамдық жұмыс орындарын құруды, мемлекеттік және квазимемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босатуды, базарлар мен ойын-сауық орталықтарында орынды жалға алушылардың жалдау ақысының 30%-ін субсидиялауды қарастырады", - деді әкім брифинг кезінде.

Тағы оқыңыз: Алматылықтар өзі қалаған вакцинаны салдыра ала ма – Сағынтаев жауап берді

Сағынтаев қолдау шаралары бизнес-қауымдастық және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірге талқыланатынын атап өтті.

Сонымен қатар, республикалық деңгейде бірқатар қолдау шаралары дайындалған. Соған сәйкес, жұмысы тоқтаған немесе шектеу шаралары енгізілген бизнеске салықтан, төлемдерден, қызметкерлерге әлеуметтік төлемдерді төлеуден босату, несиелерді төлеуді кейінге шегеру секілді қолдау көрсетіледі.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (784)

Тақырып бойынша

Тоқаев кредит төлеу мерзімін кейінге қалдыруды тапсырды
Коронавирустың үшінші толқыны: Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады
Кілт сөздер:
жеке кәсіпкерлер, карантин, Сағынтаев, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып