15:41 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (813)
77 0 0

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты көбінесе ішкілікке салынған адамдар жасайды. Ал басбұзарлардың басым бөлігі жұмыссыз

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылықты жиі жасайтын адамдарды сипаттап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейіп кеткен. Өткен жылы осы санаттағы қылмыстар 4,7 процентке өскен. Ал зардап шеккендердің басым бөлігі – әйелдер. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар да бар.

"Әдеттегідей осы іспетті заңбұзушылықтарды көбінесе мас адамдар жасайды. Жауапқа тартылған басбұзарлардың 80 проценті еш жерде жұмыс істемеген", – деді Милюк орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Төраға орынбасарының айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар да көбейген. Оны жақын адамдары жасайды. Бұл санаттағы қылмыстарды анықтау оңай емес.

"Мәселен, балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың 20 проценті денсаулық сақтау ұйымдары ұсынған ерте жүктілікке қатысты ақпаратты тексеру кезінде анықталды. Ондай қылмыстар үйдің ішінде жасалады", – деп атап өтті Милюк.

Оқи отырыңыз: "Балта лақтырды": Алматының патрульдік полициясы түнде қалай жұмыс істейді - фото

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 11 мыңнан астам әйел арнайы орталықтарға жіберілген.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (813)

Тақырып бойынша

"Қорқынышты": ішкі істер министрі депутаттарға жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Немересін аяусыз ұрып-соққан ер адамға қатысты іс неге жабылғаны белгілі болды
"Әрбір бала үшін 4,2 млн теңге": депутаттар үкіметке ұсыныс жолдады
BI Group құрылыс алаңында әйел зорланды: күдікті бостандықта жүр
Шымкентте алып қашудың құрбаны болған қыз жағдайын айтты
Кілт сөздер:
карантин, тұрмыстық жанжал
Загрузка...

Басты тақырып