НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 077 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Індет жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді (595). Одан кейінгі көрсеткіш Нұр-Сұлтан (427) қаласы мен Алматы облысына тиесілі (239)", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 427,
- Алматы қаласы - 595,
- Шымкент қаласы - 96,
- Ақмола облысы - 50,
- Ақтөбе облысы - 127,
- Алматы облысы - 239,
- Атырау облысы - 103,
- Шығыс Қазақстан облысы - 41,
- Жамбыл облысы - 18,
- Батыс Қазақстан облысы - 104,
- Қарағанды облысы - 144,
- Қостанай облысы - 36,
- Қызылорда облысы - 27,
- Маңғыстау облысы - 22,
- Павлодар облысы - 21,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 5,
- Түркістан облысы - 22.
Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандардың саны 248 931 адамға жетті. 221 347 пациент сауығып шықса, 3 060 науқас қайтыс болды.