03:27 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
768 0 0

Дәрігер COVID-19-бен ауырғаннан кейін иіс сезу қабілетін қалпына келтіруге не көмектесетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір - Sputnik. Жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев Sputnik радиосына берген сұқбатында коронавирустық инфекциядан кейін иіс сезу қабілетін жоғалтудың салдары мен оны тез қалпына келтіру жолдары туралы айтты.

Иіс сезбеу белгілері, әдетте, COVID-19-дан жазылғаннан кейін бір айдан соң кетеді. Егер осы уақыттан кейін қалпына келмесе, онда дәрігерге қаралу қажет, дейді Зайцев.

Дәрігер иіс сезбеудің екі негізі бар екенін айтты. Біріншісі мұрынның шырышты қабығындағы, екіншісі мидағы иіс сезу бөлігімен байланысты екен. Мұрынның шырышты қабығындағы деңгейінде емделу жеңіл көрінеді.    

Маман тиімді ем жазып беру үшін мұрын қуысы мен жұтқыншақты жіті тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша белгілер алуы қажет.   

Науқастың өзі де иіс сезімін қалпына келтіре алады. Ол үшін иіс сезу рецепторларын әртүрлі хош иістермен дем алу арқылы жаттықтыру қажет. Дәрігер бұл үшін кез келген иіс сәйкес келе бермейтінін ескертті. Ешбір жағдайда спирт, сірке суы немесе өткір иісті парфюмерияны пайдаланбаңыз. Мұндай өткір иістер шырышты қабықты зақымдауы мүмкін, деп түсіндірді Зайцев. Мысалы, райхангүлдің жұмсақ әрі хош иісі тиімді болуы мүмкін.

"Райхангүлдің хош иісі өте жақсы көмектеседі. Арнайы дүкендерден райхангүлдің эфир майын сатып алып,  күніне 3-4 рет иіскеңіз. Иісі өткір емес, ауырған адамның иіс сезу қабілетін жақсартып, қалпына келтіреді", - деді Зайцев.  

Отоларинголог иіс сезуді қалпына келтіруді мүмкіндігінше ертерек қолға алуға кеңес берді. Уақытында емделмесе, бұл тұрмыстық деңгейде де қиындыққа әкелуі мүмкін, адам үйдегі газ иісін сезбей қалуы ғажап емес.

Сондай-ақ, дәрігер иіс сезбеудің психоэмоционалды зардаптары да бар екенін алға тартты.

Тақырып бойынша

Коронавирустан кейін дәм мен иіс сезу қабілетін қалай қалпына келтіруге болады
Белгілері ұқсас: дәрігер коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болатынын айтты
Алексей Цой коронавирус штамдарының қай өңірлерде тарағанын айтты
Ресей ғалымдары "британдық" коронавирустың штаммын алғаш рет суретке түсірді
Мүлдем жоғалып кетеді – COVID жұқтырған отбасы дерттің салдары туралы айтты
Кілт сөздер:
денсаулық, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып