Қоғам

Коронавирустың таралу деңгейі жарияланды: қай өңірлер "қызыл" аймаққа енді

© Sputnik / Владислав ВодневСыртқы есіктегі ескерту
Сыртқы есіктегі ескерту - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2021
Жазылу
Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта алты өңір тұр. Қазақстанның өзі "қызыл" аймаққа енді

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. Соған сәйкес коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрған өңірлер қатарына Алматы облысы қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облысы;
  • "Сары" аймақта: Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы;
  • өзге өңірлердің бәрі "Жасыл" аймақта тұр.

Шымкентте өткен тәулік ішінде 51 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Сондықтан да өңір "сары" аймаққа енді.

Алматы облысында бірнеше күннен бері науқастар санының өсуі тіркеліп жатыр. Мұнда бір күнде 220 адам коронавирус жұқтырған.

Нұр-Сұлтанда өткен тәулікте 512 адам инфекция жұқтырса, Алматыдағы жағдай да мәз емес – мұнда 515 науқас тіркелді.

Түркістан (+7), Қызылорда (+15), Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында (+17) жағдай бірқалыпты.

Оқи отырыңыз: Карантин, коменданттық сағат және қатаң жаза: адамзат коронавируспен қалай күресті?

Біраз уақыттан бері Маңғыстау облысында инфекция жұқтырған науқастар тіркелмеген еді, алайда өткен тәулікте 19 адамнан инфекция табылды.

Жаңалықтар
0