Қоғам

Экс-министр Біртановтың денсаулығына байланысты ақпарат шықты

© Photo : управление здравоохранения города Нур-СултанЕлжан Біртанов
Елжан Біртанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2021
Жазылу
Адвокат Дмитрий Куряченко өзінің қорғауындағы азаматтың үй қамақтағы уақытын сот негізсіз ұзартты деп санайды

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бірнеше ай бойы үй қамақта отыр. Адвокатының айтуынша, экс-министрдің денсаулығы нашарлаған. Бұл туралы адвокат Дмитрий Куряченко "Астана" телеарнасына айтты.

Оның сөзінше, сот күдіктіні қамауға алу уақытын негізсіз ұзартты, ал "тергеу әрекеттері істі объективті тергеуге емес, Біртановты қудалауға бағытталған".

"Біртановтың кінәсіз екенін растайтын фактілер бар. Хорватиялық Эриксон Никола Тесла компаниясының интеграцияланған денсаулық сақтау платформасын жеткізуші жұмысты орындамауына байланысты күдікке ілінген еді. Алайда, азаматтар eGov сайтында анықтаған медициналық мекемелерге тіркеу туралы жуырдағы жанжал платформаның жұмыс істеп тұрғанын растайды", – деп атап өтті адвокат.

Айта кетейік, 26 наурызда Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі төртінші рет ұзартылды. Үй қамауында күдіктіге үйден шығуға және бөгде адамдармен кездесуге тыйым салынған.

Оның алдында Елжан Біртанов үйде ұстау туралы сот шешімі 2021 жылдың 22 ақпанында шықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысының адвокаты бұған дейін республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Біртановты заңсыз қудалауды анықтау туралы өтінішпен" жүгінген.

Біртанов ісі

Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті (бұл қызметті ол 2017 жылдан бері атқарды). Мұны денсаулық жағдайына байланысты қабылданған шешім деп атады. Себебі шенеунік коронавирус инфекциясын жұқтырған еді.

Оқи отырыңыз: Сарымсақ туралы әңгімені экс-министр Досқалиев айтпаған болып шықты

Ал оның 3 қарашада ұсталғаны белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. 2020 жылдың қарашасында Дмитрий Куряченко бұрынғы министр үй қамауында екенін айтты. 2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамағын ақпанның соңына дейін ұзартты.

Жаңалықтар
0