Қоғам

Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов дүниеден өтті

© Sputnik / Владислав ВодневГерб Казахстана с надписью на латинице
Герб Казахстана с надписью на латинице - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Сәулетші Алматыдағы "Динамо" стадионы мен Қарағандыдағы Космонавтика монументінің және тағы басқа еңселі нысандардың жобасын жасады

АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов 88 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Райымқұлова Қазақстан мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан Шот-Аман Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

"Шот-Аман Ыдырысұлы саналы ғұмырын сүйікті ісіне арнап, мағыналы өмір сүрген өз ортасына сыйлы, болмысы бөлек жан еді. Ол халқымыздың тарихындағы ардақты тұлғалардың ескерткішін жасап, ер есімін ел арасында ұлықтауға, сәулеті көз тартар ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлес қосты",  - деп жазды Райымқұлова.

Шот-Аман Уәлихановтың елорда төріндегі Кенесары Қасымұлы, Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы, Ерейментаудағы Бөгенбай батырдың, ШҚО-дағы хакім Абай мен Шәкәрімнің, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов, Дина Нұрпейісова, Əліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Ғани Мұратбаев, Нұрмолда Алдабергенов, Талғат Бигелдинов, Жұмағали Саин, Тайыр Жароков, Тахауи Ахтанов, Əбу Сəрсенбаев, Дінмұхамед Қонаев, Тілес Қажығалиев, Құрманай Омарова, Нұрғали Тасмағамбетов, Шафик Чокинге арналған туындылардың авторы екенін айтып өтті.

"Сол сияқты Алматыдағы "Динамо" стадионы, Алматы қаласы əкімдігінің, қазақ-неміс университеті ғимаратының, Қарағандыдағы Космонавтика монументі сынды еңселі нысанның жобасын жасады. Ғибратты азаматтың асыл бейнесі, ерен еңбегі туған-туыс пен қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден озды 

Шот-Аман Уәлиханов 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында туған.

1956 жылы Мәскеу мемлекеттік сәулетші институын бітірген.

Көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат", "Отан", "Даңқ" орденінің иегері, Қазақстан мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Тəуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі (Ресей Федерациясы).

Шот-Аман Уәлиханов сәулет өнерімен қатар бірқатар драмалық шығарма жазды. Олардың қатарында "Тағдыр", "Шоқанның анты", "Ақнұр", "Шоқанның ақ түндері", "Террор" атты пьесасы бар.

Жаңалықтар
0