Қоғам

Министр Цой: Қазақстанда ақылы вакцинация жоқ

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане
Люди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Министрлік коммерциялық нарықта вакцинаға қолжетімділікті кеңейтуді және екпе түрлерін ұлғайтуды көздеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирусқа қарсы ақылы вакцинацияға рұқсат етілмеген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі таңда Қазақстанға тек мемлекеттік айналымда қолданылатын вакциналар өндіріліп, жеткізілді. МӘМС жүйесіне қатысатын жекеменшік клиникалар қормен келісімшартқа отырып, адамдарға вакцинаны тегін салады...Жалпы Қазақстанда қазіргі таңда вакцина сатуға ресми рұқсат жоқ", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Алайда, айтуынша, министрлік коммерциялық нарықта вакцинаға қолжетімділікті кеңейтуді және екпе түрлерін ұлғайтуды көздеп отыр.

Бұған дейін министр Цой сәуір айында Қазақстанға ресейлік вакцинаның 2,5 миллион дозасы жеткізілетінін мәлімдеді.

1 ақпаннан бері елде 131 170 адам "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін салғызды. Ал екінші компонентін 32 482 адам қабылдады.

Жаңалықтар
0