Қоғам

"Атамекен" палатасы Бекшиннің қаулысы туралы: тым қатаң шешім

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, виды города
Алматы, виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
"Атамекен" палатасы шектеу шараларын жұмсарту үшін Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысын қайта қарауды ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматыдағы шектеу шараларына қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда күрделі эпидемиологиялық жағдай өршіп жатқанын түсінеміз. Жекелеген өңірлерде індет қарасы дендеп барады, коронавирустың аса қауіпті штаммдары тіркелген. Індеттің өршуіне байланысты Еуропаның бірқатар мемлекетінде қатаң шектеулер енгізіліп жатыр. Дегенмен Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 19 наурыздағы шешімін тым қатаң деп санаймыз", - делінген үндеуде. 

Палата өкілдерінің айтуынша, шектеу шараларын 27 наурыздан 12 сәуірге дейін ұзарту шешімінен кейін кәсіпкерлер тарапынан орынды наразылық айтылды. Жұмысты толығымен тоқтатуға қатысты ақпаратқа қатысты эмоциялық реакция да әділ болды.

"Алматы қаласы бас санитар дәрігеріне шектеу шараларын "қызыл аймақта" тұрған Нұр-Сұлтан қаласындағы алгоритмге пара-пар жұмсарту үшін қаулыны қайта қарауды ұсынамыз", - делінген мәтінде.

Бүгінде кәсіпкерлердің басты талап-тілегі – бизнес пен жұмыс орындарын сақтап қалу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Ал ондай мүмкіндік берілмесе, зардап шеккен бизнеске өткен жылдың тәжірибесі негізінде тиісті мемлекеттік қолдау жасалуы қажет.

Жаңалықтар
0