Қоғам

Елордада мейрамхана мен дәмхана жұмысына шектеу енгізілді

© REUTERS / Caitlin OchsҚоғамдық тамақтану орны
Қоғамдық тамақтану орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
Бас санитар дәрігердің қаулысында тамақты өзімен алып кету немесе жеткізу қызметіне тыйым салынбайтыны көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Елордада 11 сәуірге дейін қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына шектеу енгізіліп отыр. Ал бас санитар дәрігердің қаулысы 30 наурызда күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың бас санитар дәрігері қол қойған қаулыға сілтеме жасап. 

"Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамхана, дәмхана, бар мен асханалар) жұмыс күндері сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал демалыс күндері жұмысына тыйым салынады", – делінген қаулыда.

Алайда тамақты өзімен алып кету немесе жеткізу қызметі істей береді. Құжатта қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын талаптар да көрсетілді. Олар:

  • орналасқан жеріне қарамастан, 50%-тен артық адам кіргізуге болмайды;
  • 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда бір үстелде 4-6 адамнан артық отырмауы шарт;
  • көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс;
  • күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар атқарылуы қажет.

"Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), мерекелік корпоративтер және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады", – делінген қаулыда.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғыны полицияны үш рет аяғынан тік тұрғызды

Айта кетейік, сауда ойын-сауық орталықтары да жексенбі күні жабылады. Ал жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ашық болады.

Жаңалықтар
0