Қоғам

"Масқара жағдай": Галкин Димашқа пародия жасаған актрисаны қатаң сынға алды – видео

© Photo : YouTube\ Шоу на ПервомПародия на Димаша Кудайбергена
Пародия на Димаша Кудайбергена - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
Танымал ресейлік тележүргізуші Максим Галкин қазақстандық әншінің образына пародия жасамауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Ресейлік актриса Валерия Ланская "Точь-в-точь" шоу бағдарламасы аясында Димаш Құдайбергенге пародия жасап, "Любовь уставших лебедей" әнін орындады.

Шоу кезінде Ланскаяның командасы Димаштың клипін барынша қайталауға тырысты. Бишілерді шығарып, актрисаға грим жасалды. Осылайша бет-әлпетін Димаш Құдайбергенге барынша ұқсатқан.  

Қазылар алқасының үш мүшесі Ланскаяның өнеріне жоғары баға берді. Ал Михаил Боярский оның Димаштың образын да, дауысын да дәлме-дәл салғанын жеткізді. Алайда танымал пародист, тележүргізуші Максим Галкин әріптестерімен келіскен жоқ.

"Сен жанкешті екенсің! Алайда масқара жағдай болды, айып етпеңіздер. Жоғары ноталарды алғандай болып, әннің жартысында төменгі ноталармен қақалып-шашалуға болмайды. Димаш Құдайберген – ғажайып әнші. Жалпы, мен бұл образға пародия жасамауға кеңес беремін", - деді Галкин.

Максим Галкин қазақстандық әншінің жоғарғы және төменгі ноталарға емін-еркін өте алатынын, ал оны тыңдағанда еркіндік сезілетінін жеткізді.  

"Бұл – оның басты ерекшелігі. Толыққанды еркіндік, ол өз дауысын еркін ұстайды және еркін басқара алады.  Өмірде сирек кездесетін нәрсе. Иә, бес октавасы бар. Бірақ мәселе онда емес. Димаш сол бес октавамен ары-бері жүре алады. Сөйтіп, дельтаплан сияқты ұшады. Ал мына жерде паровоз жүріп өткендей болды. Онымен қоймай, соңында ысқырығын да беріп өтті", - деп атап өтті Галкин.

Ал YouTube арнасында пікір жазған адамдар Валерияның батылдығына риза болды. Себебі Димаштың образын сомдау оңай емес.

Жаңалықтар
0