Қоғам

Іле-Алатау ұлттық паркінің жері жеке қолға берілетін болды

© Sputnik / Тимур БатыршинІле-Алатау ұлттық паркінің кіреберіс қақпасы
Іле-Алатау ұлттық паркінің кіреберіс қақпасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2021
Жазылу
Ұлттық парк аумағында туристік кешендер мен эко қонақ үй, этно ауыл, тамақтану орындары сияқты балалар мен палаткалы лагерьлер пайда болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристік және рекреациялық қызметте пайдалану үшін 25 жылға дейін ұзақ мерзімді және 5 жылға дейін қысқа мерзімді пайдалану үшін ұлттық парк учаскелерін ұсынуға арналған тендер және конкурс өтетіні белгілі болды.

Бұл туралы ақпарат аталған мекеменің ресми сайтында жарияланды.

Жалпы көлемі 187,7 гектар жер телімі 35 жеке тұлғаның пайдалануына ұсынылатын болады. Соның ішінде 9 учаске – ұзақ мерзімге, ал 26 учаске – қысқа мерзімге беріледі.

Осылайша ұлттық паркте тау-шаңғы курорты, туристік кешендер, эко қонақ үй, этно ауыл, тамақтану орындары сияқты балалар мен палаткалы лагерьлер пайда болады.

Оқи отырыңыз: Назарбаев құрметіне аталған нысандар

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 26 сәуіріне дейін жолдау керек. Ал конкурс 26-30 сәуір аралығында өтеді.

Жаңалықтар
0