НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Денсаулық министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.
24 наурыздағы ақпарат бойынша коронавирустан 11 адам, үш науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмған.
Қазақстанда коронавирустан барлығы 2 963 адам, пневмониядан 672 науқас қайтыс болды (1 тамыз - 24 наурыз аралығы).
26 наурыздағы жағдай бойынша 22 131 адам (19 623 КВИ+ және 2 508 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр: 6 981 науқас стационарда, 15 150 пациент үйде.
КВИ+ және КВИ- жұқтырғандар бойынша:
- ауыр жағдайда – 321 пациент,
- аса ауыр хәлде – 75 адам;
- 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.