20:37 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4417 0 0

Мейрамхана әкімшілігі мониторингтік топ пен қалалық штаб мамандарына есікті үш сағат бойы ашпаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Алматыда мереке күндері карантинге қарамастан туған күн кешін өткізген мейрамхана анықталды. Қонақтардың арасында танымал әнші Қайрат Нұртас та болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Медеу ауданында болды. Мониторингтік топ карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған мейрамханаға тексеріспен барған. Алайда мекеме басшылығы есікті ашпапты. Терезелерін жарық көрінбейтіндей етіп қараңғылап тастаған. Амалы қалмаған мамандар электриктерді шақырып, жарық жүйесін кесіп тастады.

Тексерушілер есікті ұзақ уақыт ашпаған мейрамхананы үш сағат бойы қоршауда ұстаған.

"Күтпеген жерден іштегі қонақтардың бірі есікті ашып берді. Қонақтардың бәрі бұрыш-бұрышқа, тесікке тығылып үлгеріпті. Алайда ешкім құтыла алмады. Ең қызығы олардың арасында танымал әнші Қайрат Нұртас та бар", - деп хабарлайды телеарна. 

Әншіні көлеңкелеуге тырысқан күзетшілер тілшілерге де тап берді. Тіпті, телеарна операторына шабуыл жасап, камераны сындыруға тырысқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty TV | Алматы телеарнасы (@almaty.tv)

Кейін мамандар жарықты қосып, іштегі барлық бөлмені аралап шықты. Телеарнаның мәліметінше, мейрамханада туған күн кеші өтіп жатқан. Сонымен қоса, қатаң түрде тыйым салынған қор-қор да шегілген.

"Өздеріңіз көргендей, бұл мейрамханада адам саны өте көп. Олар карантин талаптарын бұзғаны аздай, жол ережесін де сақтамаған. Көліктерді жолға дұрыс қоймаған. Қазіргі таңда қалада тексерістің күшейтілгенін тағы да ескерткім келеді. Денсаулығымызды ойлап, үйде отырайық. Рейд жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді", – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі жанындағы арнайы республикалық мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов.

Анықталғандай, кәсіпкерлік нысанда 200-ден астам адам болған. Барлығы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтың 425-бабы бойынша хаттама толтырылды. Келушілер мен мекеме қызметкерлеріне 87 мың теңге, ал кәсіпкерге 670 мың теңге шамасында айыппұл салынды.

Бұған дейін Қайрат Нұртас Семейдегі мейрамханалардың бірінде тойда болғаны хабарланған еді.

Кілт сөздер:
Алматы, той, Қайрат Нұртас
Загрузка...

Басты тақырып