Қоғам

Алматы түбіндегі ұшақ апаты: аман қалған екі әскери қызметкер есін жиды

© Sputnik / Тимур БатыршинАпатқа ұшыраған Ан-26 ұшағы
Апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Әуе апатынан зардап шеккен әскери қызметкерлер есін жиғанмен, олардың жағдайы ауыр деп отыр дәрігерлер

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Дәрігерлер Алматы түбінде әскери ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жағдайы тұрақты, бірақ ауыр, жансақтау жағдайында бақылануда. Екі пациент те есін жиды", - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Бұған дейін зардап шеккендерге ота жасалғаны хабарланды. Олардың біреуін жасанды тыныс алдырту аппаратына қосқан.

"Қандай да бір болжам жасауға әлі ерте. Дәрі-дәрмек жеткілікті", - деді дәрігерлер.

Әскери ұшақ апаты

Әуе апаты 13 наурызда Алматы әуежайының маңында болды. Ан-26 ұшағы құлап, отқа оранған.

Бортта алты адам болды. Төртеуі оқиға орнында қаза тапты: майор Ғабит Барлықбаев, аға лейтенант Досжан Баймұратов, лейтенант Мұхтар Сағынбаев, сержант Евгений Васильков.

Аман қалған екі әскери қызметкер ауыр жарақатпен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды.

ҰҚК апатқа ұшыраған ұшақ ведомствоның авиациялық қызметіне тиесілі екенін растады. Қазіргі кезде комитет апаттың себеп-салдарын анықтауда.

Жаңалықтар
0