Қоғам

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО қызметі уақытша тоқтады

© Photo : Pixabay / councilcleПернетақта үстінде тұрған саусақ, иллюстративті фото
Пернетақта үстінде тұрған саусақ, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Қазіргі кезде арнайы орталықтардағы техникалық ақауды жою бойынша сала мамандары жұмыс істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің ақпараттық сервисінде болған техникалық ақау салдарынан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

"Бүгін, сағат 9:10-нан бастап ішкі істер министрлігінің ақпараттық сервисіндегі техникалық ақауға байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Ақпараттық сервис қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қосымша хабарлайтын боламыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде техникалық ақаулықтарды жою бойынша сала мамандары тиісті деңгейде жұмыс істеп жатыр.

Мамандандырылған ХҚКО қандай қызметтер ұсынады

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жүргізуші куәлігін алу, көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ мемлекеттік нөмір беру қызметтерін ұсынады.

Қызмет көрсету процесі мүмкіндігінше автоматтандырылған. Мысалы, жүргізуші куәлігін алу уақыты 6-дан 2 сағатқа дейін қысқарды. Сондай-ақ, 90 минут ішінде автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен тіркеу куәлігін алуға болады.

Автокөлікті тіркеу кезінде жүргізушілерге өтініш бланкілерін толтыру, анықтама жинау қажет емес. Керісінше, орталық операторлары жүргізушіге қажет деректерді тиісті мәліметтер базасынан дербес іздейді.

Оқи отырыңыз: ХҚКО-ға күтпеген жерден барған министр қазақстандықтардан кешірім сұрады

Сонымен қатар, бұл орталықтарда қазақстандықтар жол қозғалысы және көлік жүргізу ережелері бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсыра алады.

Жаңалықтар
0