09:49 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
6593 0 0

Осы жылдың қаңтарынан орта есеппен 433,6 мың көпбалалы отбасыға 45,6 миллиард теңге жәрдемақы төленді

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Жыл басынан бері 433,6 мың көпбалалы отбасыға 45,6 миллиард теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"2021 жылдың қаңтарынан ақпанына дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен жалпы сомасы 45,6 миллиард теңгеге орта есеппен 433,6 мың отбасы қамтылды. Ақпан айында 436,9 мың отбасыға 23,1 миллиард теңге төленді", - делінген ведомство сайтында.

Еске салсақ, Қазақстанда 2020 жылдың қаңтарынан көпбалалы отбасыларға кірісіне қарамастан жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленіп келеді.

Ай сайынғы жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар үміткер бола алады.

2021 жылы төлем мөлшері балалардың санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 81 852 теңгеге (7 бала) дейін сараланды.

  • 8 балаға – 93 344 теңге;
  • 9 балаға – 105 012 теңге;
  • 10 балаға – 116 680 теңге;
  • 11 балаға – 128 348 теңге;
  • 12 балаға – 140 016 теңге;
  • 13 балаға – 151 684 теңге;
  • 14 балаға – 163 352 теңге;
  • 15 балаға – 175 020 теңге;
  • 16 балаға – 186 688 теңге.

Тақырып бойынша

Шығыс Қазақстанда декреттік жәрдемақы алған ер азаматтардың басы бәлеге қалды
І топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы төленуі мүмкін
"Әр теңге пайда әкелуге тиіс": Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы айтты
2021 жылы жәрдемақы қанша болады
Кілт сөздер:
жәрдемақы, көпбалалы отбасы
Загрузка...

Басты тақырып