Қоғам

Қазақстанда тағы 13 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуАрхивное фото реанимации
Архивное фото реанимации - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта 22 мыңнан астам қазақстандық ем қабылдап жатыр. Алты мың жеті жүз отыз бір пациент стационарда

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Қазақстанның денсаулық министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар туралы ақпарат берді.

11 адам COVID-19-дан, екі адам пневмониядан көз жұмды.

Барлығы елде 2 952 адам коронавирустан, 669 науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

25 наурыздағы жағдай бойынша 22 124 адам КВИ-ден (19 505 КВИ+ және 2 619 КВИ-) емделіп жатыр: 6731-і стационарда,  15 393 пациент үйде.

КВИ+ және КВИ- ауырғандар бойынша ақпарат:

  • ауыр жағдайда – 307 пациент;
  • аса ауыр хәлде – 76;
  • өкпені жасанды желдету аппаратына 39 адам қосылған.
Жаңалықтар
0