Қоғам

Қазақстандағы COVID-19: өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырды

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуВакцинация от коронавируса
Вакцинация от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Бір тәулікте Алматыда 340 адамнан коронавирус табылды. Нұр-Сұлтан мен Алматы облысында жүзден астам жағдай тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 105 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды.

Мерекелік демалыстар алдында елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов вирус жұқтыру көрсеткішінің артуына байланысты Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына бармауға кеңес берген болатын. Сондай-ақ тәулігіне 500 пациент ауруханаға жеткізілсе, Алматыда толық локдаун енгізілетіні хабарланды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 195,
  • Алматы қаласы - 341,
  • Шымкент қаласы - 22,
  • Ақмола облысы - 45,
  • Ақтөбе облысы - 50,
  • Алматы облысы - 104,
  • Атырау облысы - 65,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 19,
  • Жамбыл облысы - 10,
  • Батыс Қазақстан облысы - 76,
  • Қарағанды облысы - 92,
  • Қостанай облысы - 40,
  • Қызылорда облысы - 4,
  • Маңғыстау облысы - 5,
  • Павлодар облысы - 25,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 7,
  • Түркістан облысы - 5.

Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 236 200.

Жаңалықтар
0