Қоғам

Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевГустой туман окутал столицу
Густой туман окутал столицу - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Жазылу
Республиканың оңтүстік облыстарында найзағай ойнайды, солтүстік пен батыста көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында ертең ауа райы құбылмалы болады, елдің батысында нөсер жаңбыр мен қалың қар жауады деп болжануда. 

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – Қазақстанның солтүстік батысы мен орталығында жаяу бұрқасын соғып, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында найзағай ойнайды.  

Дабылды ескерту

25 наурызда Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп болжануда. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.

Атырау облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады. Түнде шығыс, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.

 25 наурыз күні күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні – 25 м/с.

Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Өңірлердегі ауа райы

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с. Атырау облысының басым бөлігінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысында – бұрқасын. Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Алматы облыстарында екпіні 23-28 м/с жетеді. Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын соғады. Түркістан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні –  25 м/с, найзағай ойнайды.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз минус бір - плюс бір градус, түнде – минус 10-12 градус.

Алматыда күндіз 19-21 градус жылы болады, түнде плюс 4-6 градусқа дейін салқындайды.

Шымкентте кешке қарай найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 22-24 градусқа дейін жылынады, түнде ауа температурасы плюс 7-9 градус болады.

Жаңалықтар
0