Қоғам

Жынысты тегін ауыстыратыны жайлы ақпарат желіні дүрліктірді: министрлік не дейді

© AFP 2024 / Kirill Kudryavtsev Социальные сети
Социальные сети - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Министрлік мамандары кепілдендірілген тегін медициналық көмектің тізіміне жыныс ауыстыру отасының кірмейтінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде тараған жыныс ауыстыру отасы тегін жасалады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Instagram-да Дәулет Мұқаев деген қолданушы денсаулық сақтау министрлігі жыныс ауыстыруға рұқсат беру туралы бұйрық шығарғанын жазды.

"Кейбір ауырған жандарға (балаларға) не квота жоқ, не дұрыс ем жоқ. Күніне жүздеген оқырманым ауруына ем іздеп, денсаулық сақтау министрлігінен қайыр жоқ деп ақша сұрап жатады. Ондай диагноздарға ақша жоқ деген министрлік жыныс ауыстыруға ақша тауып отыр", - деп жазды Мұқаев.

Оның жазбасын әнші Алтынай Жорабаева көшіріп, өз пікірін білдірді. Әнші президент пен мүфтиятты да тэгтеп қойды.

"Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді! Адамнан иман кетсе, ұят кетеді". Денсаулық сақтау  министрі, Алексей Цой жыныс ауыстыру отасына рұқсат қаулы шығарды! Тегін! Президент мырза! @tokayev_online Сонда қалай? Осы жағдайдан бейхабарсыз ба? Қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз?! ЛГБТ-ға жағдай жасау үшін барлығына дайынсыздар ма, сонда? Әлде сіздің рұқсатыңызсыз білгенін жасап, ойына келген қаулыны шығара бере ме? Діни басқарма не қарап отыр? @muftyat__kz ", - деп жазды Жорабаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Осы жазбаларға пікір жазғандардың барлығы наразылық білдіріп, балаларға тегін дәрі-дәрмек таппай отырғанда ондай сұмдыққа шыдай алмайтынын жеткізді. Денсаулық сақтау министрін отставкаға жібергісі келетіндер де аз емес.

Ал денсаулық сақтау министрлігі жыныс ауыстыру отасын тегін жасауға қатысты ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешқандай қаулы шықпаған", - деді баспасөз қызметінің мамандары.  

Осы орайда министрлік қызметкерлері кепілдендірілген тегін медициналық көмектің тізіміне жыныс ауыстыру отасының кірмейтінін де айта кетті. Ведомство кейінірек толық ақпарат беруге уәде етті. 

 

Жаңалықтар
0